Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Құрылыс  ауылының негізгі орта мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесімемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Курылыс отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік

09.02.2018

Құрылыс негізгі  мектепте 2018 жылдың 1-12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік ұйымдастырылуда. Іс-шаралар аясында оқушыларға адамгершілік пен мейірімділік, өзара көмек әрекеттері туралы түсініктер беріліп, қамқорлық жасау дағдыларын дамыта отырып, өз өмірі үшін қолдануға бағытталды. «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі оқушылар мен мұғалімдердің қатысуымен «Әлі де жыр болып жазыларсың» атты әдеби-сазды кешпен ашылды. Бейнелеу пәні мұғалімі және сынып жетекшілердің бірлесуімен «Мейірім төгетін ана» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Жәнеде тіл мамандары «Алтын жүрек анамыз» атты мәтінді мәнерлеп оқу байқауын өткізді. Онкүндік аясында өзін-өзі тану пәні бойынша Байжума Нурила 1-4 сыныптарда «Отбасы жүрек жылуы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында «Отбасы жылуы» сөзінің мағынасы ашылып, оқушылардың бойларында үлкендерге деген қамқорлық, сүйіспеншілік дағдыларын меңгертті. Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып «Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбында 5-9 сыныптарда ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар белсене қатысып, айналадағы адамдарды құрметтеу, жақсылық жасау қасиеттері кеңінен ашылды.

Просмотров: 432

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст