Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Құрылыс  ауылының негізгі орта мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесімемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Курылыс отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

.

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының мақсаы мен міндетті.

«Жас Ұланның» мақсаты:

 

- өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.

 

«Жас Ұланның» міндеттері:

 

- Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру;

- балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру;

- танымдық жұмыстарды ынталандыру;

- балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;

- жауапкершілік мен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.

 

 

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

 

Әрбір «Жас Ұландықтан» Отан мүддесі үшін қызмет ететін маңызды қасиеттерді меңгерген, Отанның мүдделерін қорғау жөнінде азаматтық борыш пен міндеттерін орындауға тәрбиеленген, халықтар достығын құрметтейтін, имандылық, адамгершілік, ізгілік, ұлттық мінез-құлық пен әдет-ғұрпын негізінде білім алған тұлғаның өсіп шығуы:

Өз Отанының тарихы мен мәдениетін зерделей алатын, ұлттық және отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді қастерлейтін жастардың көбеюі;

Оқушылардың мектеп қабырғасында бастап кемел білімге, кенен кәсіпке жақын болуы, сол арқылы Отанымыз –Қазақстанның дамуына, ондағы

азаматтық қоғамның тұғырының мығым болуына өз үлесін қосатын шын мәніндегі Отаншыл азаматтардың қалыптасуы;

Оқушылар өзін-өзі басқара отырып, елжандылыққа, өнерге, білімге, адамгершілікке, сауаттылыққа тәрбиеленеді;

Оқу-тәрбие жұмысының сапалы жүруіне сынып белсенділері өзінің құқы, міндеті, жауапкершілігі арқылы өз үлестерін қосады;

Болашақта жан-жақты дамыған, адами құндылықтары бойына қалыптасқан, ел тұтқасын ұстайтын жеке тұлғалар шығады;

Ойы, тәні, жаны, ісі әсем тұлға шығады;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мүшелік, мүшелікті алудың (одан айырылудың) шарттары мен тәртібі

 

 4.1. «Жас Ұлан» ұйымына мүше болудың екідеңгейлі жүйесі бар. «Жас Ұланның» қатарына оның мүшесі болуға, «Жас Ұланның» дамуына өз үлесін қосуға ерікті ниет білдіргендер қабылданып, 5-10 - сынып оқушылары - «Жас Ұлан» аға буынына, ал 1-4 - сынып оқушылары - «Жас Қыран» кіші буынына жатады.

4.2. Мүшелерді ұйымға қабылдау «Жас Ұлан» бастауыш ұйымының жалпы жиналысының шешімімен іске асырылады. Ұйымға көптеп қабылдау жылына 3 рет өткізіледі (одан басқа, өз аймағындағы атаулы күндері де жасауға рұқсат): 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 6 шілде – «Жас Ұлан» құрылған күні, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.

4.3. «Жас Ұлан» қатарынан өз еркімен шығу үшін, ұйымның мүшесі «Жас Ұлан» бастауыш ұйымының жетекшісі атына жазбаша өтініш береді. 4.4. «Жас Ұлан» Ережесін бұзған ұйым мүшелеріне келесідей сөгіс шаралары қолданылады: ұйымның жалпы жиналысында талқылау, ескерту жасау, сөгіс беру, ұйымнан шығару туралы ескерту жасау. Ең қатаң шара – ұйымнан шығару. 4.5. Ұйымнан шығару мәселесі бастапқы ұйымның жалпы жиналысында шешіледі. Шығару туралы шешім

Мектеп комитеті мүшелерінің кемінде 2/3-і дауыс берген жағдайда ғана қабылданған болып саналып, бекітілгеннен кейін күшіне енеді. 5. «Жас Ұлан» құқықтары мен міндеттері: 5.1. «Жас Ұлан» мүшелерінің құқықтары: - «Жас Ұлан» қызметіне белсенді қатысуға; - «Жас Ұлан» басқару органының құрамына сайлануға және сайлауға; - Жас Ұлан» жұмысының бағдарламаларын жүзеге асыру барысындағы табыстары және ерекше жеке жетістіктері үшін мақтаулар мен мадақтаулар алуға (грамоталар, дипломдар, сауықтыру және жазғы лагерлеріне жолдама алуға, «Жас Ұлан» Алтын Кітабы» және т.б.); - «Жас Ұлан» органдарына өтінішпен, арызбен, сұрақтармен, бастамалармен және ұсыныстармен жүгінуге; - Ұйым

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Жас Ұлан" және "Жас Қыран" ұйымдарының ресми нышандары

 

 

«Жас Қыран» белгісі. Қыран бейнесі  қазақ елінің өскелең ұрпағы қырандай күшті, білімді, әрқашанда биік шыңдардан көрініп, алғыр болуының айғағы. Белгінің жоғарғы оң жағында шуағын шашып тұрған күн бейнеленген. Күн - жастарға болашаққа нық сеніммен қарауға жол ашады. жалпы күн бейнесі өміршеңдіктің, байлықтың белгісі.

Төсбелгі көлемі 10 мм*20 мм. Темірден жасалған көк сары түс.

 

 

 

«Жас Ұлан» белгісі. Дөнгелек шар тәрізді форма. Шар - өмір мен мәңгіліктің бейнесі. шардың жоғары жағында өрнек - бұл қазақстанның төбесінді мәңгілік күн жарқырап тұруының белгісі. Бейбітшіліктің, тұрақтылықтың нышаны. шардың ортасында Алтын адам бейнеленген, ол еліміздің Тәуелсіздігінің символы.

Төсбелгі көлемі 15мм*15мм.Темірден жасалған көк сары түс.

 

 

 

 

 

«Жас Ұлан» галстугі. Ашық көк түсті оң жақ бұрышында ұйымның белгісі тігілген. Көк түс - жастарымыздың білімі теңіздей терең,  бейбіт өмір сүру мен тәуелсіз болуының нышаны және молшылықтың белгісі.

 

 

 

 

 

 

 

СИМВОЛЫ И АТРИБУТЫ

 

Техническое описание

флага«Жас Ұлан»

 

200 см

 

100 см

d =70 см

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Материал: атлас, флаг двухслойный

Размер:1x2, (100 см х 200 см)

Изображение:по центру с одной стороны, диаметр - 70 см

Обрамление: бахрома золотистого цвета

Способ нанесения:шелкотрафоретная печать

Краски:  пластизолевая, устойчивая к атмосферному воздействию и солнечному ультрафиолету,  не выгорает

 

Эмблема «Жас Ұлан»

 

 

 

 

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен

жасөспірімдер ұйымы»

 Республикалық қоғамдық

бірлестігімен бекітілген

30 МАУСЫМ, 2016 ЖЫЛ

 

«Жас Ұландар» Әнұраны

Әні мен сөзі: Ұ.Ж. Жаналиева

Біз ұланы қазақ елінің

Туған жерін, сүйген Отанын.

Әке жолын, ана мейірімін,

Бойға жиған қасиетін.

                                 Қайырмасы:

Жас ұлан, қалыспа!

 Қырандай қарышта.

Еліміздің абройын

Асқақтатып әлемге

         Нық ұстайық байрағын!

Көп білуге ұмтыламыз.

Өнер, білім, ғылымға.

Кеудемізде ар мен намыс

Жетеледі бізді алға.

Қайырмасы:

Жас ұлан, қалыспа!

 Қырандай қарышта.

Еліміздің абройын

Асқақтатып әлемге

          Нық ұстайық байрағын!

 

 

«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының әні

 

1)Бабалар дәстүрін жалғаған,

Қиялы биікке самғаған,

Көшбасшы,соңына қалмаған,

Қыранбыз,қанатын самғаған.

 

 Қайырмасы:Жас Ұлан елімнің ертеңі

Жас Ұлан жазылар өркені

Қазақстан кемесін қазақтың                                    2 рет

Жас Ұлан жайылған желкені

 

2)Таныған ғаламның сырларын,

Жаттаған тарихтың жырларын

Дені сау ұрпаққа болар

Айтары ашар деп гүл бағын

 

Қайырмасы:Жас Ұлан елімнің ертеңі

Жас Ұлан жазылар өркені

Қазақстан кемесін қазақтың

Жас Ұлан жайылған желкені

Ұлы ел кемеңгер бастаған.                                                 2 рет

Ұлы жер таулары жастаған.

Қазақстан кемесін қазаққа

Жас Ұлан шырқалған асқақ ән.

 

Реп:Күш қайраты тасыған

Албыр өскен жасынан

Болашағы елімнің

Жас Ұлан мен жас қыран

Қиындықтан қашпаған ,

 биік шыңға бастаған.

Отанымыз-Қазақстан,

Елордамыз Астана

 

Қайырмасы:Жас Ұлан елімнің ертеңі

Жас Ұлан жазылар өркені

Қазақстан кемесін қазақтың

Жас Ұлан жайылған желкені

Ұлы ел кемеңгер бастаған.

Ұлы жер таулары жастаған.

Қазақстан кемесін қазаққа

Жас Ұлан шырқалған асқақ ән.

 

 

 

 

 

. РӘМІЗДЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІК БЕЛГІЛЕРІ

6.1. Жас Ұлан» балалар ұйымының рәміздері болып табылатындары: ұран, салтанатты әні (әнұран), ту, галстук, төсбелгі, эмблема, жалауша.

 6.2. Ту балалар мен жасөспірімдер бірлігін білдіретін нышан. Ол республикалық ұйымда және оның барлық (мектептік, аудандық/қалалық, облыстық) бөлімшелерінде болуы қажет.

Ту – бұл тік төртбұрышты 200х100 см өлшемдегі ортасында ұйым белгісі бейнеленген ақ түсті желкен. Ұйым белгісі кестелік тігіспен, бояумен немесе мата бастырмасымен жасалады.

Ту сабында — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Тудың желкені бойлап алтын түстес шашақтармен көмкерілген.

Ту ағаш сабына түтік (төлке) арқылы бекітіліп, оның əшекейі болып табылады. Түтік ұлттық өрнек нақышындағы найза түрінде жасалынған. Металл (пластмасса) найзасы бар тудың ағаш сабының ұзындығы 2 м 20 см құрайды. Оған шашақты бау (алтын түстес) байланады.

Ту салтанатты рəсімдерде, шерулерде, мемлекеттік мерекелерде шығарылады. Ол қаптаулы түрде арнайы тіреуде сақталады немесе бөлменің ортасындағы ұйымның салттық қабырғасында, мөлдір жабынды астында тұрады. Ерекше жағдайларда туға құрметті қарауыл қойылуы мүмкін, ол ту көтеруші мен екі атқосшыдан тұрады. Қарауыл кезегі әр 10-15 минут сайын ауысады. Алыс жолдарға туды қапталған күйде иыққа салып тасымалдайды.

Ту көтерушілердің киімі ұйым киімі нұсқасының элементтеріне сәйкес келеді.

Міндетті түрдегі ерекшелік белгілер: ленталар (аксельбант), бас киім (пилотка), ақ қолғап болып табылады. Лентаның, бас киімнің түсі – бір түсті (көгілдір).

6.3. Галстук– бұл балалар ұйымына қатыстылардың ерекшелік нышаны. Түсі – көгілдір.

Галстук өлшемі 40 х 130 см. Галстуктың оң жақ бұрышында «Жас Ұлан» логотипі орналасқан. «Жас Ұлан» логотипі диаметрі 4 см шеңбер түрінде жасалған.

6.4. Ұран – ұйымның нышаны. Ол ұйымның ең басты идеясын білдіреді. 6.5. «Жас Ұланның» ерекше белгілері болып ұйымның идеясын айқын жеткізетін төсбелгілер, барабан, айырмашылық белгілері (шеврондар) сияқты белгілі заттар мен белгілер саналады.

Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелерінің cалтанатты Уәдесі

 

Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:

Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;

Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;

Ата-анамды қадірлеуге;

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;

Білімге табандылықпен  ұмтылуға;

Салауатты өмір салтын ұстануға;

Табиғатты аялауға;

«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.

Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге жәнеОтанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде

Ант етеміз! Ант  етеміз! Ант  етеміз!

Жаңартылған күні: 27.11.2021 13:40
Құрылған күні: 27.11.2021 13:43

Текст